Бүгін совет әскерінің Әзірбайжан астанасына кіргізілгеніне 20 жыл толды

Осыдан 20 жыл бұрын совет әскерінің республика астанасындағы көтеріліске қарсы операциясы басталды.

Кремлдің бұйрығымен 1990 жылы 20 қаңтарда Әзірбайжанда коммунистік режимді құтқарып, оппозицияны басу үшін Бакуге әскер енгізілді. 26 мың совет әскері бірнеше күн бойы көтерілісшілерді басып-жаншыды. Әскердің бейбіт тұрғындарға қарсы іс-әрекеттері нәтижесінде 130-дан астам адам қаза болды, 700-ге жуық кісі жараланды.

1991 жылы қазанда Әзірбайжан Совет Одағының құрамынан шыққандығы туралы хабарлап, өз тәуелсіздігін жариялады.