Фонограмма үшін сыйақы төлеу әлемде кеңінен тараған үрдіс

"Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару" республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Әсет Блиев республика бойынша соңғы 4 айда әншілердің әнін орындап, фонограммасын пайдаланған мейрамханалар мен кафе иелерінен сыйақы жинағанын хабарлады. Осы атқарылған жұмыстың арқасында қомақты қаржы жиналып, орындаушылар мен фонограмма өндірушілерге15 млн.теңге аударылған.

Қоғамдық бірлестік республикада орындаушылар мен фонограмма өндірушілердің құқының бұзылып жатқанын айтады.

Олардың айтуынша, әншілердің әндерін көпшілік алдында орындағаны үшін, сонымен бірге коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды эфир арқылы хабарлағаны үшін, мекеме басшылығының сыйақы төлеуі әлемде кеңінен таралған үрдіс.