Пәкістанда 2 әскер, 22 содыр қаза тапты

Пәкістан ресмилері Ауғанстанмен шекаралас аймақта бүлікшілер қоршауына түскен үкіметтік күштер мен жауынгерлер қақтығысында 22 содыр мен 2 әскер қаза тапты деп хабарлады.

Ресми өкілдердің айтуынша, жасақтар Солтүстік Вазиристан аймағындағы Оракзай және Куррам аудандарында бүлікшілер торуылына тап болды.

Солтүстік Вазиристан өңірінде жауынгерлер белсенділігі артып отыр.