Бағдаттағы жарылыстардан қаза болғандардың саны 37-ге жетті

Ирақ астанасындағы үш жарылыстан қаза болғандардың саны 37-ге жетті, 70-тен астам кісі жараланған.

Жарылыстар «Шератон», «Вавилон» және «Амра» қонақ үйлерінде тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш жарылысты да жарылғыш тиелген көлікті басқарған жанкештілер ұйымдастырған.