Франция Ауғанстанға қосымша әскер жібермейді

Франция президенті Николя Саркози Ауғанстанға қосымша әскер жібермейтіндігін мәлімдеді. Француз телеарнасына берген сұхбатында Саркози сарбаздар мен полиция қызметкерлерін оқытатын мамандар санын көбейтіп, азаматтық құрылыс және гуманитарлық салаға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Жақын күндері Лондонда НАТО-ның бастамасымен Ауғанстан проблемасы туралы халықаралық конференция өтеді.