Ауғанстан көршілері Карзайдың жоспарын қолдады

Ауғанстанның көршілес елдерінен келген аймақтық жетекшілер мен ресмилер президент Хамид Карзайдың Талибан жауынгерлерін қару-жарақтан бас тартуға ынталандыру жөніндегі ұсыныс жоспарын қолдап отыр. Бұл туралы бүгін Стамбулда өткен кездесуден кейін мәлім болды.

Түркиядағы кездесуге Карзай мен Түркия және Пәкістан елдерінің президенттері сондай-ақ Иран, Тәжікстан, Қытай мемлекеттерінің жоғары лауазымды ресмилері қатысты.

Бейсенбі күні Лондонда Ауғанстанның болашағына қатысты халықаралық конференция өтеді деп жоспарланған.