Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум өз жұмысын бастады


Бүгін Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумның 40-шы сессиясы басталды. 31 қаңтарға дейін жалғасатын форумға, ондаған мемлекеттен екі мыңнан аса делегат қатысады. Қазақстандық делегацияны экономика министрі Бақыт Сұлтанов бастап барады

Таяуда Давос қаласындағы қонақүйлерінің бірінен Дүниежүзілік экономикалық форумы қауіпсіздік қызметі бастығының өлі денесі табылған еді. Жергілікті полицейлердің алдын ала мәліметінше, 61 жастағы Маркус Райнхардт өз-өзіне қол жұмсаған.