Әл-Қаида Бағдад қонақ үйіне болған шабуылға жауапкершілікті алып отыр

Ирақтағы әл-Қаида тобы бүгін осы аптаның басында Бағдадта 40 адамның өмірін қиған жанкештілік шабуылға жауапкершілікті алып отыр.

Ирақтың ислам мемлекеті деген осындай ұйым тамыз айында Ирқ астанасында болған бірнеше шабуылға жауапкершілікті алған. Бұл топтың айтқаны рас-өтірігін анықтау мүмкін болмай отыр. Бірақ ол туралы содырлар жиі қолданатын вебсайтта жарық көрген.