Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанға қатысты бастамаларын қолдайды

Қазақстан Ауғанстанның шекаралары мен құқық қорғау органдарын туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бастамаларын қолдайды. Бұл туралы аталған ұйымның қазіргі төрағасы Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бейсенбі күні Лондонда Ауғанстанға қатысты өтіп жатқан халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Бұл жиынға 70 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.