Карачидегі саяси қақтығыстан 17 адам мерт болды

Пәкістанның Карачи қаласында үш күнге жалғасқан саяси зорлық-зомбылықтан кемінде 17 адам қаза тапты. Полиция басшысы Уасим Ахмедтің хабарлауынша, жұма күні Муттахида Қауми қозғалысы мен Ауами ұлттық партиясының белсенділері арасында қақтығыс басталған. Аталған саяси қозғалыстардың екеуі де президент Асиф Али Зардари жетекшілігіндегі коалицияның құрамына кіреді.

Шамамен 18 миллион халқы бар Карачиде орталық банк пен негізгі құнды қағаздар қоры орналасқан. Бұл қала арқылы сондай-ақ Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштеріне әскери жабдықтар мен азық-түлік тасымалданады.