Мәжіліс депутаты Астанада Ельцин атына көше беруін сұрады

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев Астана қаласындағы бір көшеге Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельциннің атын беруін сұрады.

Осындай ұсынысты Елекеев, сәрсенбі күні парламент палатасының жалпы отырысында, Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдады. Депутат Ельцинді Қазақстанның «тәуелсіздік алуына септігі тиген басты саяси қайраткерлердің бірі» деп атады.

Ельцин 1991-1999 жылдар аралығында Ресей Федерациясының президенті қызметін атқарды.