АҚШ Пәкістан түрмесіндегі азаматтарының жағдайын тексеруге шақырды

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ ресмилері Пәкістан билігінен американдықтардың түрмеде қинап-азапталғандығы туралы айыптауларды тексеруді сұрамақ.

Лаңкестік шабуылдар жасамақшы болды деп айыпталған 5 американдық азамат сейсенбі күнгі сотта Пәкістан қамаууында өздерінің қинап-азапталғандарын айтқан болатын. Бұл американдықтар желтоқсан айында Исламабадтың оңтүстік-шығысындағы Саргодха қаласында тұтқындалған болатын. Ресмилердің айтуынша, электронды пошта арқылы жазылған хаттарға сәйкес бұл күдікті азаматтар Пәкістанда шабуылдарды жүзеге асыруды жоспарлаған Талибанмен байланысқан. Егер олар айыпты деп танылса, ұзақ мерзімді түрме жазаларына кесілуі мүмкін.

Қамауға алынған американдықтардың соты ақпанның 16-да жалғасады деп күтілуде.