Тәжікстандағы ауған тұтқындары еліне оралды

80-нен астам ауған тұтқыны Тәжікстаннан Ауғанстанға тапсырылды. Бұл туралы бейсенбі күні Ауғанстанның әділет министрі Мохаммад Касим Хашимзай хабарлады. Оның айтуынша, тұтқындардың көбі есірткі тасымалдаушылар деп күдіктелгендер, олар елдің солтүстік-шығысындағы Құндыз өлкесіндегі абақтыға ауыстырылған.

Тәжікстан шамамен 250 ауған тұтқынын ұстап отыр. Құндыз өлкесінің әкімінің орынбасары Хамидулла Данишидің айтуынша, Ауғанстанда түрмедегі жаза мерзімін өтеп жатқан 9 тәжік азаматы таяуда еліне экстрадицияланады.