Украинада – үгіт-насихат жүргізудің соңғы күні

Бүгін Украинада – президент сайлауының екінші кезеңінің үгіт-насихат жүргізуінің соңғы күні.

Мемлекет басшысы орнына премьер-министр Юлия Тимошенко мен Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович таласуда.

Жуырда Украинаның президенті Виктор Ющинко сайлау туралы заңға өзгерту енгізген болатын. Өзгерістер, сайлау комиссиясының кеңесіне қатысушылардың құрамына қатысты енгізілді. .

Янукович, орын алған өзгерістердің арқасында сайлау комиссиясының жұмысына ешкім кедергі ете алмайтындығын атап өтті.
Тимошенконың блогындағылар болса, бұл өзгерістер сайлау комиссиясының жұмысын монополиялық бақылауға алып келеді дегенді айтады.