Жексенбі күні Украинада президенттік сайлаудың екінші сатысы өтеді

Сенбі күні Украинада сайлауалды үгіт-насихат науқаны аяқталды. Қаңтардың 7-сі күні өткен сайлаудың бірінші турында жеңіске жеткен Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович пен қазіргі премьер-министр Юлия Тимошенко жексенбі күнгі сайлаудың екінші сатысында бақ сынасады.

Жұма күні екі кандидат соңғы рет телеарна арқылы халыққа қайрылып сөз сөйледі. Дәстүр бойынша олардың әрқайсысы жеңіске жететініне сенімділік танытты.