Солтүстік Кавказда полиция бастығымен қоса 16 адам қаза тапты

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында орын алған бірқатар шабуылдан ішінде полиция бастығы да бар 16 адам қаза болды.

Дағыстан астанасында жұма күні болған қақтығыстардан Махачкала қаласының полиция бастығы Ахмед Магомедов пен оның екі оққағары және жүргізушісі құрбан болды деп хабарланды. Олардың көлігін қарулы топ атқылаған. Жұма күні сондай-ақ Дағыстанның терроризмен күрес департаментінің басшысы бомбаға түсіп жарылды.

Көрші Шешенстанда бейсенбіден бері болып жатқан қақтығыстардан бес ресейлік әскер мен 6 содыр қаза болған.