Ауғанстанда НАТО-ның 2 әскері мерт болды

Ауғанстанның оңтүстігінде бомба жарылысынан екі НАТО әскері қаза тапты. Жексенбі күнгі бұл оқиға туралы бүгін жарияланғанымен сарбаздардың қай елден екені айтылмады.

Осының алдында Швецияның екі әскері мен бір ауғандық аудармашы жексенбі күні Мазар-и-Шариф қаласындағы шабуылда мерт болған.

Соңғы әскер шығындарымен осы жыл басынан бері Ауғанстанда қаза болған шетелдік күштер саны 61-ге жетті.