Украинаның сайлау ресмиі Тимошенко Януковичтен оза алмайды деді

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күнгі президенттік сайлаудың қорытындысы премьер-министр Юлия Тимошенконың бәсекелесі оппозиция жетекшісі Виктор Януковичті басып оза алмайды деді.

Орталық сайлау мекемесі саналмаған дауыстар 1,58 пайызы ғана болып отыр. Ал Янукович қазірдің өзінде Тимошенкодан 2,79 процент артық дауыс алды деп айтты. Янукович өзінің жақтастарын сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Тимошенконы жеңілісін мойындауға шақырды. Тимошенко сайлаудың ақырғы нәтижесін күтетіндігін айтып отыр.

ЕҚЫҰ-ы бастаған халықаралық бақылаушылар жексенбі күнгі дауыс берулер демократиялық сайлауды көрсеткен қойылым сияқты әсер қалдырды дей келе, елдің саяси жетекшілері билікті бейбіт жолмен ауыстыруды қамтамасыз етуі керек деді.