Чавес электроэнергияға қатысты төтенше жағдай енгізді

Венесуэлла президенті Уго Чавес электроэнергияға қатысты елде төтенше жағдай енгізу туралы қаулыға қол қойды.

БиБиСи агенттігінің хабарлауынша, Чавес елдегі құрғақшылыққа байланысты мемлекет тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге шақырған.

Үкімет басындағылардың айтуынша, ұзақ уақыттан бері жауынның болмауынан елдегі ең ірі Гури гидроэлектр станциясындағы су деңгейі көтерілмей, соның салдарынан электр энергиясы тапшы болып отыр.