Гаитидегі зілзала ең ірі апаттардың біріне айналды

Гаити үкіметі 12 қаңтарда тіркелген зілзаланың құрбандары туралы жаңа мәліметтерді жариялады.

Биліктің дерегі бойынша, құрбан болғандар саны 230 мыңға жетті – бұл адамзат тарихындағы ең ірі табиғат апаттарының бірі - Оңтүстің-Шығыс Азияда 2004 жылдың аяғында болған цунами құрбандарымен теңеседі.

Гаити билігі жаңа мәліметтердің де толық еместігін, өйткені мұнда жекелеген қорымдарға жерленген кісілер саны толық ескерілмегендігін атап көрсетті.