Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні өз елі Теһран мен Батыс арасындағы ядролық отынды айырбастауға қатысқысы келетінін мәлімдеді.
Дохада журналистерге сұқбат берген Ердоған Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік Түркияға Иранның уранын байытатын орын болуды ұсынғанын айтқан. Ол егер сұрап жатса, Түркия оған дайын екенін айтты.
Батыстың ол ұсынысында Иранның төмен байытылған уранынан ядролық отын алу үшін оны үшінші бір елде байытуды алға тартқан. Батыс елдері Иран уранынан ядролық қару жасайды деп қауіптенеді.
Түркия үкіметінің басшысы Ердоған кейінірек АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен келіссөздер өткізуі керек болған. Клинтон ханым Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Дохаға барып, АҚШ-тың Теһранға қарсы қатаңырақ төртінші санкциялар салуға шақырмақшы.