Хиллари Клинтон: Иранда әскери диктатура орнауы мүмкін

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иранда әскери диктатура туындауы мүмкін деп есептейді.

Қатардағы Араб университетінің студенттерімен кездесуінде Клинтон иранның Ислам революциясы күзетшілерінің корпусы шын мәнінде елдің үкіметіне айналған билікке ие болды деп атап көрсетті.

Клинтон Иранның ядролық бағдарламасы аймаққа және бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр деп тағы да мәлімдеді.

Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдай АҚШ мемлекеттік хатшысының Сауд Арабиясы патшасы Абдулламен бүгінгі кездесуінде де сөз болады.