Экстремистерге қарсы өткен аптада соғыс операциясы болып өткен Ингушетияның Сунжен ауданына қарасты Аршты және Датых ауылдарында тағы 8 мәйіт табылды. «Интерфакс» агенттігіне жергілікті прокуратурадан хабарланғандай, одан бұрын қақтығыс болған жерден қаза тапқан 14 адамның мәйіттері табылып, 9-ының аты-жөндері анықталды.
Алдыңғы бір хабарға қарағанда, қаза тапқандардың арасында кездейсоқ оққа ұшқан жергілікті 4 тұрғын болды. Төртеуінің де Чешенстан тұрғындары екені анықталды. Қалғандарының аты-жөндері анықталу үстінде.