Жапония - әлемдегі екінші алып экономика

Жапония экономикасының ауқымы өткен жылдың 4-інші тоқсанында алдыңғы 3 аймен салыстырғанда 1.1 пайызға, ал 2008 жылдың 4-інші тоқсанымен салыстырғанда – 4.6 пайызға ұлғайды. Жалпы ішкі өнім көлемінің осындай өсімі жорамалдан әлдеқайда асып түскен.

Бірақ Күншығыс елінің экономикасы тұтастай 2009 жылы 5 пайызға кеміп, 5.1 триллион долларды құрады. Демек жапон экономикасы АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші алып экономика болып қалды.

Әлемде үшінші орынға шыққан Қытай экономикасы 4.9 триллион долларға жетті. Бұл Ресейдің 2009 жылғы жалпы ішкі өнім көлемінен 3.7 есе үлкен.