Еуропа елдері Ирақты өлім жазасын тоқтатуға шақырды

Британия, Франция және Италия елдері Ирақты өлім жазасын пайдалануды тоқтатуға шақырды. Олар соңғы екі жылда көптеген өлім жазасының іске асырылуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Алайда Ирақ БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне өлім жазасын "қорқыту әдісі" ретінде пайдаланатындығын айтты. Ирақтың адам құқықтары бойынша министрі Уиждан Салимнің айтуынша, Ирақ үкіметі өлтірулердің санын азайтуға тырысып жатыр бірақ өлім жазасын мүлде тоқтата алмайды себебі лаңкестік қылмыстардың кесірінен көптеген қарапайым азамат құрбан болуда.

Ирақ ресмилерінің айтуынша, соңғы бес жылда 122-ге жуық азаматқа қатысты өлім жазасы жүзеге асырылған.