Алматы облысы Қарасай ауданындағы қалалық қоқыс полигонында сейсенбіде тұтанған өртті сөндіру барысында бес кісінің күйген өлі денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.
Мекеме таратқан ақпаратта қаза болғандардың Өзбекстан азаматтары болуы мүмкін деген болжам келтірілген.
Қоқыстағы өрт туралы хабар аймақтық шұғыл қызметке 23 сағат 23 минутта түскен. Мамандардың бағалауы бойынша, тілсіз жау 48 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі туралы ештеме айтылмады.