Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстан осы ұйымның Грузиядағы миссиясын қалпына келтіруге әрекеттенеді. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сәрсенбі күні Тбилисиде оппозициялық партиялардың өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. "Біз Грузияның территориялық біртұтастығын қолдаймыз және Грузияда ЕҚЫҰ-ның миссиясын қайта қалпына келтіру мақсатында жұмыс істейтін боламыз", - деді Саудабаев грузиялық әріптесі Григол Вашадземен кездесуінен кейін өткізген брифингте.
Саудабаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтағы жанжалдарды реттеуге өз үлесін қоспақ.
Саудабаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтағы жанжалдарды реттеуге өз үлесін қоспақ.