Ресей мен Абхазия әскери база туралы келісімге қол қойды

Грузияның жікшіл аймағы Абхазияда Ресейдің әскери база орнатуына рұқсат берілді. Бұл жөніндегі келісімге сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей мен Абхазия қорғаныс министрлері қол қойды. Келісімге қол қою рәсіміне президент Дмитрий Медведев пен Абхазия басшысы Сергей Багапш қатысты. Осы келісімнен кейін Грузиямен арадағы шиеленіс өрши түсті. Тбилисидің айтуынша, база құру жөніндегі жоспар заңсыз боп табылады.

Бұдан бұрын сепаратистік ресмилер әлгі базаға аймақта жүрген кемінде 3 мың ресейлік сарбаз орналастырылады деп мәлімдеген болатын.

2008 жылдың тамыз айында орын алған Ресей-Грузия соғысынан кейін Мәскеу Грузияның екі жікшіл аймағын - Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз елдер деп мойындады.