«Самрұқ-Қазына» миллиард доллар инвестиция тартуды көздейді

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2010 жылы сыртқы рыноктан бір миллиард доллар қаржы әкелуді көздеп отыр.

Ұлттық қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов инвестицияның бір бөлігі жалпы құны 23 миллиардқа бағаланатын 30-дан астам жобаны жүзеге асыру арқылы тартылады деп атап көрсетті.

Келімбетовтың айтуынша, өткен жылы қор 15 миллиард доллар шамасында тікелей шетел инвестициясын тартты, оның басым бөлігі Қытай мен Ресейден келді.