Бейжің Обаманың Далай-ламамен кездесуіне наразылық білдірді

Қытай билігі АҚШ президенті Барак Обаманың Тибеттің рухани көсемі Далай-ламамен Вашингтонда кездесуіне наразылық танытты.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі АҚШ-ты «мемлекет арасында екі жақты қарым-қатынасты дұрыс» дамытуға шақырды.

Обама өткен жылы Далай-ламамен кездесуді кейінге қалдырды. Соған байланысты адам құқығын қорғаушылар Ақ үйді Бейжіңнің айтқанын шыға алмады деп айыптады.