Израиль мен Газа шекарасында 6 палестин қаза болды

Сенбі күні Израиль мен Газа аймағындағы шекарада болған атыстан 6 палестиндік қаза тапты. Дәрігерлердің айтуынша, тағы жараланғандар арасында екі содыр мен 4 бейбіт тұрғын бар.

Израиль әскерилерінің хабарына қарағанда, шекарашылар жақындап келген бір топ палестиндікке оқ атқан.

Палестинадағы радикалды топтар өздерінің жауынгерлері бұл оқиғаға қатысқанын, өз кезегінде Израиль жағына оқ атқанын растады.