Ресей сыртқы істер министрі Қазақстан президентімен келіссөз өткізбекші

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізу үшін Астанаға келеді.

Тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы мен Ресейдің 2010 жылы ТМД елдеріне төрағалығы барысын талқылайды.

Хабарларға қарағанда, ол келіссөздерге осы аптада Оңтүстік Кавказ елдеріне сапарын аяқтаған Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев та қатысады.