Американдық ғарыш ұшағы Флоридаға қонды

Американдық «Индевор» ғарыш ұшағы Флорида штатында орналасқан Кеннеди атындағы ғарыш айлағына сәтті қонды.

Хабарларға қарағанда, 6 ғарышкерден тұратын экипаж Халықаралық ғарыш бекетіне шамамен 10 күнге созылған сапарын аяқтады. Ғарышкерлер бекетке екі жаңа модуль орнатты.

Биылғы жылдың күзіне дейін американдық кеме тағы төрт мәрте ұшырылады деп жоспарланған.