Кабул: НАТО шабуылынан 27 қарапайым азамат құрбан болды

Ауғанстан үкіметінің хабарлауынша, НАТО-ның әуе шабуылынан шекараға жақын Дай Кунди мен Урузган өлкелерінде көптеген қарапайым азаматтар құрбан болған. Соңғы ресми мәліметтерге қарағанда, жексенбі күнгі шабуылдан құрбан болғандардың саны 27-ге жеткен. Оның алдында 33 бейбіт тұрғын өлтірілді деп хабарланған болатын.

Үкімет коалицияның бұл әуе шабуылын "ақтауға келмейді" деп, НАТО күштерін болашақта қарапайым азаматтардың құрбан болуының алдын алуға шақырды.