Ауған мигранты Нью-Йоркте жарылыс жасамақ болғанын айтты

Ауғандық иммигрант Нью-Йорк қаласындағы метрода жанкештілік жарылыс жасамақ болғанын мойындады.

Нажибулла Зази өзінің Ауғанстан мен шекаралас Пәкістанның Вазиристан аймағындағы әл-Қаида террорлық ұйымының бомба жасау жаттығуынан өткенін айтқан.

Зази Ауғанстандағы бейбіт тұрғындарға АҚШ күштерінің жасап жатқанына наразылық ретінде өзімді құрбандыққа шалып, елдің назарын аударғым келді деген. 25 жастағы ауғандық өмірлік түрме жазасын алуы мүмкін.