Грекияда бүгін жалпыхалықтық шерулер өтеді

Грекияда бүгін үкіметтің дағдарыспен күрес іс-шараларына қарсы жалпыхалықтық наразылық шерулері басталады.

Акцияны жеке және мемлекеттік кәсіподақтар ұйымдастырды. Үш тәулік бойы елдегі көптеген ауруханалар, мектептер, түрлі әкімшілік және қаржы мекемелері жұмысын тоқтатады.

Ел астанасы Афиныда мыңдаған адам парламент ғимаратына дейін маршпен жүріп өтеді.

Бюджет дефицитін азайту мақсатында Грекия үкіметі мемлекеттік шығысты елеулі түрде қысқартып отыр.