Каспийдің қазақстандық бөлігінде Ресей танкері тұрып қалды

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде ресейлік танкер қайраңға батып қалды деп хабарлады республиканың көлік және коммуникация министрлігі.

Мекеменің хабарлауынша, 21 ақпанда түнде ресейлік «Роскем-1» танкері Үрдек мүйісі аймағында тұрып қалған. 24 ақпанда ресейлік «Капитан Мейцак» мұзжарғышы танкерді қайраңнан шығаруға келеді.

«Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеді» деп хабарланды.