Италияда Google басшыларына қарсы сот шешімі шықты

Италия соты Google компаниясының үш басшысын "жеке өмірге қол сұқты" деген айып бойынша айыпты деп тапты. Интернетте аутизммен ауыратын баланы қинап жатқандығы жөнінде Италиядан бейнетаспа жарияланған болатын. Бақылаушылар YouTube пен Google Videos вебсайттарының иесі Google-дың басшыларына қарсы сот Италиядағы интернет бостандығына қалай әсер ететіндігін күтіп отыр.

Google сот шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсіретіндігін хабарлады.