Түркияда тағы 8 офицерге елде төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды

Түркия соты бүгін тағы 8 әскери офицерге осыдан жеті жыл бұрын үкіметті құлатпақ болды деген айып тақты. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық офицерге, олардың ішінде 5 адмирал мен 2 генералға 2003 жылы мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлады деген айып тағылды.

Осы аптаның басында Түркияның қауіпсіздік күштері 50 шақты әскери қолбасшыны тұтқындаған болатын.

Түркия президенті бүгін армия басшысымен және премьер-министрмен кездесіп, елдегі шиеленісті жағдайды талқыламақшы.