Испания мен Албания Гуантанамодағы тұтқындарды қабылдауда

АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо абақтысындағы бір тұтқынды Испания, ал үш тұтқынды Албания қабылдауға келісті. Испания ішкі істер министрі Алфредо Перез Рубалкабаның мәлімдеуінше, Мадрид жақында 4-ке жуық тұтқынды алатын болады.

Осыдан бір жыл бұрын АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабуға уәде еткен. АҚШ әділет министрлігі Гуантанамодағы тұтқындарды қабылдауға келіскен елдерге алғысын білдіріп отыр. Лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелгендерге арналған бұл түрмеде 188 тұтқын қалды дейді министрлік өкілдері.