Ресей президенті жұмыс бабымен Францияға барады

Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Францияға үш күндік мемлекеттік сапары басталады.

Ресей басшысының Франция президенті Николя Саркозимен кездеуінде екі ел арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды арттыру мәселелері талқыланады деп хабарланды.

Атап айтқанда, президенттер энергетикалық тауарды Ресейден Батыс Еуропаға тасымалдау, «Мистраль» француз ұшағын Ресейге сату проблемалары сөз болады деп жоспарланған. Бұған дейін қару-жараққа қатысты келіссөздер Грузия, АҚШ және Балтық елдерінің алаңдаушылығын туғызған болатын.

Сонымен бірге, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық санкциялар енгізу мәселесі де Медведев пен Саркозидің кездесуінде талқылануы мүмкін деп болжанды.