Гаага сотында Караджичтің ісіне қатысты процесс жалғасады

Гаагадағы халықаралық трибуналда босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджичтің ісі бойынша сот процесі жалғасады.

Сотта өзін өзі қорғайтын айыпталушы Караджич трибуналға қорғану стратегиясын таныстырады.

64 жастағы Караджичке 11 қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр, солардың ішінде 1992-1995 жылдары босниялық жанжал кезінде адамзатқа қарсы қылмыстық іс-әрекеттер және соғыс заңдарын бұзу бойынша айыптар бар.

Караджичке тағылған айыптар дәлелденген жағдайда, оны өмірлік түрме жазасына кесуі мүмкін.