Курчатов қаласының әкімін қаржы полициясы ұстамаған

Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының әкімі Александр Генрих өз қызметін атқарып отыр. Әкімді қаржы полициясы ұстаған деп таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Мені ешкім ұстаған жоқ, мен жұмыста отырмын» деп хабарлады Александр Генрих, ҚазТАГ агенттігіне.