Ирандағы шеруге қатысқан студент өлім жазасына кесілді

Иранның апелляциялық соты үкіметке қарсы наразылық шарасына қатысқаны үшін 20 жастағы студенттің өлім жазасына кесілгендігін растады. Бірқатар оппозициялық вебсайттардың хабарлауынша, желтоқсанның 27-де Теһрандағы наразылық шарасы барысында қауіпсіздік күштеріне тас лақтырған Мохаммад Амин Валианға Құдайға қарсы соғыс ашты деген айыптар тағылған.

Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, маусым айындағы даулы президент сайлауынан кейінгі толқуларға қатысқан жалпы 10 шеруші өлім жазасына кесілген.