Шетелдегі ирақтықтар дауыс бере бастады

Шетелде тұрып жатқан ирақтықтар парламенттік сайлаулардағы дауыстарын бере бастады. Жүздеген Ирақ азаматы Сириядағы сайлау учаскелерінде жиналып жатыр. Сириядан басқа Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттерде, сондай-ақ АҚШ, Канада, Аустралия және Еуропаның бірнеше елінде дауыс берулер басталды.

Жексенбі күні Ирақта парламенттік сайлаулар өтеді. Бұл 2003 жылы Саддам Хуссейннің билігі құлатылғалы бері елде ұйымдастырылып отырған екінші парламент сайлауы. БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінің мәліметінше, АҚШ Ирақты басып алған соң 4.2 миллионнан астам ирақтықтар босып кеткен.