Түркиядағы зілзаладан ондаған адам құрбан болды

Бүгін Түркияның шығысында орын алған жерсілкінісінен кемінде 57 адам қаза тапты. Елазинг өлкесіндегі зілзаланың күші Рихтер көрсеткіші бойынша 6.0 балға жетті деп хабарланып отыр. Ресмилердің айтуынша, кемінде 6 ауылдағы үйлер қирап, 100-ге жуық адам жарақат алған.

Жер дүмпуі көршілес Тунцели, Бингол және Диярбакир өлкелерінде де сезінген.