Ресей мен АҚШ ядролық келісім жасайтын келіссөздерін жалғастырады

Бүгін Женевада Ресей мен Құрама Штаттардың мәмілегерлері Стратегиялық қаруларды азайту келісімінің орнын басатын екі елдің ядролық арсеналын азайтуға бағытталған жаңа ядролық келісім жасау жөніндегі келіссөздерді қайта бастайды.

Өткен аптада Ресей президенті Дмитрий Медведев екі елдің үкіметтері келісімді жасауға жақын қалды деген. Оның айтуынша, тараптар 1991 жылғы Совет Одағы мен АҚШ арасында болған Стратегиялық қаруларды азайту келісімін бір қарап шығатын келіссөздердің ақырғы сатысы қалды.

Ол келісімнің мерзімі 2009 жылдың 5-ші желтоқсанында аяқталған. АҚШ пен Ресей жаңа келісім екі елдің арасындағы оқтұмсықтардың санын азайтуы керек деп келіскенімен, бір проблема АҚШ-тың Еуропада зымыранға қарсықорғаныс жүйесін орнату жоспарына қатысты Ресейдің алаңдаушылығы турасында болып отыр.