Джо Байден Таяу Шығыс процесіне арналған кездесулер өткізді

Бүгін АҚШ вице-президенті Джо Байден Таяу Шығыстың бейбіт келіссөздерін қалпына келтіру мақсатындағы сапары барысында Израиль президенті Шимон Переспен кездесті.

Байден Израиль қауіпсіздігіне АҚШ қолдау таныта береді дей келе, Құрама Штаттар Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуды мақсат етіп отыр деді. АҚШ вице-президенті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхумен кездесуден кейін екі елдің байланыстары туралы былай деді:

"Израиль мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынас американ саясатындағы басты мәселе болған және бола береді. Және ол Израиль құрылған 1948 жылдан бері осылай келеді деді.

Байденнің сапарында Израиль-Палестина келіссөздерін қайта бастау, Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәселелер күнтәртібіндегі басты тақырыптар.

Израилге Байден барған дүйсенбі күні Израиль мен Палестина ресмилері АҚШ-тың арағайындығымен тоқтап қалғанына 15 ай болған бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті. Обама әкімшілігінің жоғары дәрежелі ресмиі Байден сәрсенбі күні палестина жетекшілігімен кездеседі.