Бішкекте «Азаттык» радиосын қорғау акциясы өтеді

Бішкектегі ЕҚЫҰ ғимаратының алдында дүйсенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз қызметі – "Азаттык Үналгысы" радиосын қорғау акциясы өтеді.

«Азаттык» хабарлары әуелі Ұлттық телерадиокорпорацияның эфирінен алып тасталынды, одан соң басқа да аймақтық радио және телестанциялар "Азаттык" бағдарламаларын таратудан бас тартты.

10-шы наурыздан бастап елдегі бірқатар интернет сайттар, соның ішінде «Азаттык» порталы ашылмай қалды.

Қырғызстанның медиа ұйымдары елдің көптеген аймақтарында танымал ақпараттық «Азаттык» радиосының таратылымының тоқтатылуына байланысты өз алаңдаушылықтарын білдірді.