Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жексенбі күні бір топ адам оппозиция басшысы Мехди Каррубидің Теһрандағы үйін қоршап алып, оны соттауға шақырды. "Фарс" агенттігі жиналған халықты 1980-1988 жылғы Иран-Ирақ соғысынан азап шеккендердің отбасылары мен студенттер деп сипаттады. Олар Карруби мен оппозицияның тағы бір жетекшісі Мир Хоссейн Мусавиге сондай-ақ реформашыл бұрынғы президент Мохаммад Хатамиге қарсы үндеулер айтты.
Карруби мен Мусави маусым айындағы даулы президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына қарсы жаппай наразылық шарасын басқарған болатын.
Карруби мен Мусави маусым айындағы даулы президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына қарсы жаппай наразылық шарасын басқарған болатын.